...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

1 шілдеде Алматыда ашық аспан астында үлкен концерт өтеді

1 шілдеде Алматыда Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне ену күніне арналған «Біз – біртұтас Қазақстан халқы!» мерекелік концерті өтеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алаңында (Нұркент шағынауданы, 6) өтеді. Концерттің басталуы сағат 18:00-де. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін ашық аспан астында концерт дайындалды, оған танымал қазақстандық орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар қатысады.

Сахнаға «Абырой», «КешYOU» және «Алаш ұлы» топтары, сондай-ақ Айдана Меденова, Ziruza, Ерке Есмахан, RaiM, Садраддин және басқа да танымал әртістер шығады.

Ұйымдастырушылар мерекелік бағдарлама Қазақстан халқының бірлігіне, қоғамдық келісімге, патриотизмге және елдің конституциялық құндылықтарына құрметке арналғанын атап өтті.

Кіру тегін.

Дереккөз: Inalmaty.kz