Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК дауылды ескертуіне сүйене отырып, маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
4 шілдеде Алматы қаласында күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және дауыл күтіледі. Жел батыстан, екпіні 15–20 м/с.
Іле Алатауының таулы аудандарында (Медеу және Бостандық аудандары) жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан, екпіні 15–20 м/с, күндіз кей жерлерде 23–28 м/с дейін жетеді.
Қатты жауын-шашын болжамына байланысты 4-5 шілде аралығында таулы жерлерде сел көріністерінің ықтималдығы сақталады.
Алматы ТЖД тұрғындар мен қала қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтауды, дауылды ескерту кезеңінде тауға саяхаттаудан бас тартуды, көліктерді ағаштардың астына қоймауды, әлсіз бекітілген құрылыстардың астында болмауды, сондай-ақ ресми құтқару қызметтерінің хабарламаларын қадағалауды ұсынады.
Дереккөз: Almaty.tv