...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда бір күнде 905 текше метр қоқыс шығарылды

4 шілдеде Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында кезекті апталық жергілікті сенбілік өтті. Сенбілік қаланың сегіз ауданын қамтып, абаттандыру және тазалықты сақтау жұмыстары аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Іс-шараға 2,4 мыңнан астам адам қатысты. Жұмыстарды жүргізу үшін 94 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік қорытындысы бойынша 905 текше метр қоқыс пен қалдық жиналып, шығарылды.

Тазалау барысында қоғамдық кеңістіктер, көшелер, саябақтар, сондай-ақ магистральдар мен су объектілерінің бойындағы аумақтар тазартылды.

Мұндай экологиялық акцияларды апта сайын өткізу қаланың санитарлық жағдайын қолдауға, қоғамдық кеңістіктерді күту сапасын арттыруға және тұрғындар үшін қолайлы қалалық орта құруға мүмкіндік береді, деп атап өтті қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Дереккөз: Almaty.tv