...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Рабиға Сыздық көшесінде қозғалыс 2,5 айға шектеледі

Алматының Әуезов ауданында 21 мамырдан 31 шілдеге дейін Рабиға Сыздық көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Мұнда алдағы жылыту маусымына дайындық аясында 1991 жылы пайдалануға берілген шамамен 300 метр жылу магистралі ауыстырылады. Осыған байланысты Мамыр шағынауданындағы Рабиға Сыздық көшесінде көлік қозғалысы екі бағытта да шектеледі. Шектеу жолдың жүру бөлігінің астынан өтетін құбыр учаскесін жоспарлы түрде реконструкциялау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

26 мамырдан 31 шілдеге дейін Рабиға Сыздық көшесінің Бауыржан Момышұлы көшесінен Мамыр-1 шағынауданындағы №12 үйге дейінгі учаскесінде қозғалыс шектеледі.

Реконструкция кезеңінде тұтынушыларға ыстық су беру сақталады, — деп мәлімдеді «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Бұл жылу желісі 160 көппәтерлі тұрғын үй, 3 балабақша, 5 мектеп, 1 денсаулық сақтау нысаны және 26 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Дереккөз: Inform.kz