Алматыда бір көше екі тәулікке жабылады. Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 24 шілдеде Almaty_Joly Telegram-арнасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген стендтер қойылады.
Алматы тұрғындары мен қонақтарынан маршрутын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Бұған дейін Құлжа трактысының учаскесін орташа жөндеуге байланысты жүргізушілер уақытша қиындықтарға тап болатыны хабарланған болатын. Атап айтқанда, 24 шілде сағат 20:00-ден 27 шілде 2026 жыл сағат 08:00-ге дейін Бұқтарма көшесінен қала шекарасына дейінгі учаскеде жол төсемін орташа жөндеу аясында асфальтбетонның жоғарғы қабатын төсеуге байланысты реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.
Дереккөз: Zakon.kz