...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда қолы байланған, аяқ киімі жоқ әйелді көргендер видео жариялады

Алматы көшелерінің бірінде қолы байланған және аяқ киімі жоқ әйелді жергілікті тұрғындар байқап, видеоға түсіріп алды. Оқиғаның мән-жайын қалалық полиция департаменті тексеріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әйел туралы ақпарат «Письма президенту» Telegram-арнасында жарияланды. Оны осындай күйде жергілікті тұрғындардың бірі көрген. Оның айтуынша, әйел үйден сыртқа әрең шығып үлгерген.

«Кейін белгілі болғандай, оны туған ұлы өз анасын байлап, отбасылық өміріне араласты деп жазалаған», — делінген хабарламада.

NUR.KZ тілшісі Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен түсініктеме сұраған. Онда тексеріс басталғаны хабарланды.

«Әйелдің жеке басы анықталды, қазір ол полицияда және түсініктеме беріп жатыр. Бұған дейін аталған мән-жай бойынша полицияға ешқандай шағым түспеген», — деді департаментте.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр. Тексеріс қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданады.