Алматыда жеке сот орындаушысы борышкердің банк шотынан бұрын салынған арестті заңсыз алып тастағаны үшін сотталды, салдарынан өндіріп алушы 35,6 млн теңге ала алмай қалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Наурызбай ауданының прокуратурасының мәліметінше, ведомство қызметкерлері жеке сот орындаушысы А-ның борышкердің банк шоттарына бұрын салынған аресттерді заңсыз алып тастағанын анықтаған.
Осының салдарынан борышкер қаражатты өз бетінше жұмсап жіберген, ал өндіріп алушыға тиесілі 35,6 млн теңге өндірілмей қалған.
«Аталған факті бойынша Ауэзов аудандық соты айыптау үкімін шығарды, оған сәйкес жеке сот орындаушысы А. ҚР ҚК 251-бабының 1-бөлігі — жеке сот орындаушысының өкілеттігін теріс пайдалану бойынша кінәлі деп танылды. Ол 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасына кесіліп, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды», — деп хабарлады прокуратурада.
