Алматыдағы Индустриалды аймақта жүк көлігі қарсы бағытқа шығып, аударылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Куәгерлердің айтуынша, сақинаға шығар кезде Howo жүк көлігі оңға бұрылып, айналмалы қозғалыс жасауы керек еді. Алайда белгісіз себептермен жүк тиелген көлік қарсы бағыттағы жолаққа шығып, яғни сақина бойымен солға жүрді. Әрі қарай сақинамен қозғала отырып, жүк көлігі құлап, бүйірімен аударылды.
Куәгерлердің айтуынша, асфальтқа қатты соққыдан жүк көлігінің кабинасы қатты майысып, деформацияланған. Аударылғаннан кейін көліктегі барлық қиыршық тас шанақтан ұшып шығып, 10 метрден астам қашықтыққа шашылып қалған.
Апат салдарынан Howo жүргізушісі зардап шекті. Оқиға орнына келген жедел жәрдем көлігі ер адамды ауруханаға жеткізді.
Бақытқа орай, куәгерлердің айтуынша, жүк көлігінің жолында ешкім болмаған. Сондай-ақ олар Howo дөңгелектеріндегі баллондардың өте нашар жағдайда екенін, бір дөңгелекте мүлдем жоқ екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта жол полициясы қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп, апаттың мән-жайын анықтауда: неліктен жүргізуші басқаруды ұстай алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен.
