Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша «Қазгидромет» РМК филиалының жетекші инженер-синоптигі Гүлтансық Медеуованың айтуынша, тамыз айының соңында қалада тұрақсыз ауа райы болжанып отыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Гидрометеорология орталығының өкілі 25 тамызда қалада айтарлықтай суыту +25+27°C-қа дейін болатынын ескертті. Жаңбыр жауады, түнде оның күшеюі мүмкін.
Ал 26 тамыздан бастап ауа райы жақсарады: жауын-шашын тоқтайды, температура біртіндеп көтеріліп, кезең соңында қайтадан +28+30°C-қа жетеді.
Алматы бойынша 22-28 тамыз аралығындағы ауа райы болжамы:
22 тамыз: айнымалы бұлттылық, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 3-8, күндіз екпіні 11 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С.
23 тамыз: айнымалы бұлттылық, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +28+30°С.
24 тамыз: айнымалы бұлттылық, кейде жаңбыр, найзағай. Жел батыстан 3-8, кейде екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С.
25 тамыз: бұлтты, жаңбыр, түнде қатты жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8, кейде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +25+27°С.
26 тамыз: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +26+28°С.
27-28 тамыз: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +28+30°С.
Бұған дейін мамандар демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр болатынын, ал елдің басқа бөлігіне +39°C-қа дейін қатты ыстық келетінін айтқан болатын.
