Алматы маңындағы мейрамханада болған өрт кезінде құтқарушылар келген сәтте мейрамханада келушілер болмаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері ғимараттан көлемі 50 және 27 литр болатын екі газ баллонын, сондай-ақ көлемі 50 литр оттегі баллонын сыртқа шығарды.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалын көршілес ғимараттарға тараған жоқ.
112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Бұған дейін Алматыдағы танымал базарда бірнеше бутиктің жанғаны хабарланған болатын.
