Алматыда қасбеттері жаңартылған тұрғын үйлердегі пәтер бағасы 25-30%-ға өсті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Бостандық ауданы әкімінің баспасөз конференциясында аудан әкімі Азамат Қалдыбеков мәлімдеді.
«Осы үйлердің (құны – ред. ескертпесі) 25-30%-ға өсті, бүгінгі таңда бұл жылжымайтын мүлік қымбаттады. Біз мұны көріп отырмыз, талдап жатырмыз. Қай жерде үйдің қасбеті жаңартылды. Бұл үйлерде коммерциялық жылжымайтын мүлік те, тұрғын үй де 25-30%-ға қымбаттады. Оған қоса, бұл – келбет, оған қоса, бұл – энергия үнемдеу. Кейбір үйлер жай ғана қапталмайды, олар жылытылады. Қыста жылы, жазда салқын», – деп түсіндірді әкім.
Ол тұрғындардың оң пікір білдіріп жатқанын, ал кейбіреулері өз үйлерін де қасбеттерді жаңарту бағдарламасына қосуды сұрап жатқанын айтты.
«Бірақ біз қоса алмаймыз. Біз магистральдық көше қағидаты бойынша жұмыс істейміз. Бастапқыда адамдар алаңды абаттандыруға да, Flow-паркінің құрылысына да, қасбеттерді іске асыруға да өте скептикалық қарады. Бірақ бәрі аяқталған соң, бүгінгі таңда солай болып отыр (тұрғындардың оң пікірлері – ред. ескертпесі)», – деді әкім.
Ол әкімдік әр үйге жеке-жеке көзқараспен қарайтынын қосты. Егер қасбетте лепнина қарастырылмаған болса, оны қосуға тырысады, соның ішінде тастан қазақ ою-өрнектерін ойып салады.
