...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда бірнеше күнге төрт учаскеде жол жабылады

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты төрт учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Шектеулер 2 қазан күні кешке басталып, 4 қазанға дейін жалғасады. Кейбір көшелерде қозғалыс толығымен жабылады.

Момышұлы көшесі — Рысқұлов даңғылынан оңтүстікке қарай: 2 қазан сағат 22:00-ден 3 қазан сағат 09:00-ге дейін қозғалыс шектеледі.

Алатау даңғылы — Төле би көшесімен қиылысы: 3 және 4 қазан күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін қозғалыс ішінара шектеледі. Жұмыс аймағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Төле би көшесі — Сейфуллин даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейін: 3 қазан сағат 09:00-ден 4 қазан сағат 09:00-ге дейін қозғалыс толығымен жабылады.

Абылай хан даңғылы — Мақатаев көшесінен Мәметова көшесіне дейін: 3 қазан сағат 08:00-ден 4 қазан сағат 20:00-ге дейін қозғалыс толығымен жабылады.

«Учаскелерде алдын ала ескерту жол белгілері орнатылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыда Байсеитова көшесінің бір учаскесінде бірнеше күнге қозғалыс шектелетіні хабарланған болатын.