...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда «Қарызыңды төле – өсімін кешіреміз!» акциясы басталды

Алматыда жылу энергиясын тұтынушылар үшін «Қарызыңды төле – өсімін кешіреміз!» акциясы басталды. Ол коммуналдық кәсіпорын алдындағы жылу және ыстық сумен жабдықтау бойынша берешегін айыппұлсыз өтегісі келетіндерге арналған. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Өсімақыны үнемдеу мүмкіндігінен бөлек, бұл акция төлемеушілерге салынған шектеулер мен мүлікке, сондай-ақ банктердегі есеп шоттарына салынған тыйымдарды алып тастауға мүмкіндік береді.

Акцияға қатысу үшін ағымдағы жылдың тамыз айынан желтоқсан айының соңына дейін берешекті толық төлеп, «Алматы жылу желілері» ЖШС-не өтініш, eGov mobile арқылы сәйкестендіру құжатының цифрлық көшірмесі, негізгі қарыздың төленгенін растайтын құжат (кассалық чек) info@alts.kz электрондық поштасына жіберу немесе аумақтық тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының (ТҚО) біріне жүгіну қажет.

Қарыз туралы ақпарат алу немесе жылу энергиясына есептеулер бойынша кеңес алу үшін АлТС анықтама қызметіне 341-07-77 нөмірі бойынша қоңырау шалуға болады. Қосымша WhatsApp нөмірі: +7 (775) 990-50-63 (тек хабарлама қабылдау үшін жұмыс істейді).

Берешекті төлемеген жағдайда төлемеушілер жылумен жабдықтау қызметінен ажыратылады, ал қарыз сомалары сот арқылы өндіріледі, — делінген хабарламада.

Дереккөз: Almaty.tv