Алматыда Первомайская мұнайбазасы ауданындағы көше бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады, себебі жолға орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Шектеулер 1 қарашада сағат 05:00-ден 2 қарашадағы 08:00-ге дейін күшінде болады. Жабылатын учаске — «Северное кольцо» тас жолынан Royal Petrol жанармай құю станциясына дейінгі аралық.
Жөнделетін бөлікте алдын ала ескерту белгілері орнатылады.
«1 қарашадағы сағат 05:00-ден 2 қарашадағы 08:00-ге дейін «Северное кольцо» тас жолынан Royal Petrol жанармай құю станциясына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», — делінген әкімдік хабарламасында.
Бұған дейін Алматы көшелерінің біріндегі учаскенің қарашаға дейін жабылатыны, жүргізушілерге түнгі маршруттарын алдын ала ойластыруға тура келетіні хабарланған болатын.
