Алматыда келесі аптада ауа райы негізінен құрғақ, желі әлсіз болады, ал күндізгі температура біртіндеп көтеріледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кисебаев айтты. Оның сөзінше, 4 қарашаға дейін ауа райы қалада серуендеуге қолайлы болады.
Синоптик тауға сапар жоспарлағандарға таулы аудандардың болжамын бөлек нақтылап, дауылды ескертулерді бақылауды ұсынды: тау етегіндегі және биік таудағы ауа райы мен температура қаладағы жағдайдан айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін.
Алматыда 31 қазан мен 6 қараша аралығында күтілетін ауа райы:
31 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +12+14°С.
1 қараша: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +12+14°С.
2-3 қараша: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан және шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +14+16°С.
4 қараша: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан және шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +16+18°С.
5 қараша: айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел шығыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +14+16°С.
6 қараша: айнымалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Жел шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +12+14°С.
Бұған дейін синоптиктер 31 қазан, сенбі күні Қазақстан бойынша қандай ауа райы болжанатынын айтқан болатын.
