...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Қарасай батыр мен Құлымбетов көшелерінде біржақты қозғалыс іске қосылады

30 маусымнан бастап Алматыда Алмалы ауданының бірнеше учаскесінде жол қозғалысын ұйымдастыру схемасы өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жаңа схема бойынша біржақты қозғалыс енгізіледі:

  • Қарасай батыр көшесінде — Достық даңғылынан Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі учаскеде шығыс бағытта;
  • Құлымбетов көшесінде — Варламов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі учаскеде шығыс бағытта.

Қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының хабарлауынша, өзгерістер Алматы полиция департаментімен бірлесіп іске асырылады. Олар көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыруға, көлік жүктемесін азайтуға және жолдардағы жанжалды жағдайлардың санын кемітуге бағытталған.

Шешім көлік жағдайын талдау қорытындысы бойынша және тұрғындардың өтініштерін ескере отырып қабылданды. Жаңа схема көлік қозғалысын ретке келтіруге және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Біржақты қозғалыс пилоттық режимде енгізіледі. Мониторинг нәтижелері мен қабылданған шаралардың тиімділігін бағалау бойынша осы учаскеде жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты одан әрі шешімдер қарастырылады.

Еске салайық, 18 маусымнан бастап Алматыда Достық даңғылы, Зенков көшесі және Атамекен көшесі біржақты болды. Сондай-ақ 20 маусымнан бастап Алматыда Саин көшесінде қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақ пилоттық режимде жұмыс істей бастады. Бұған дейін әкімдік Тимирязев көшесіндегі жалғыз толыққанды BRT желісін бөлшектеу мүмкіндігін зерттеп жатқанын мәлімдеген.

Дереккөз: Inform.kz