Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында Алматы экологиясын жақсарту бойынша жаңа шаралар талқыланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Сессия барысында Алматы қаласының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2026–2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары ұсынылды. Мәслихат депутатының сұрағына жауап бере отырып, Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Аршат Бахтыгереев мегаполистегі ауа сапасын жақсартуға бағытталған шараларды түсіндірді.
Оның айтуынша, құжат 9 негізгі бағыт бойынша 43 табиғат қорғау іс-шарасын қамтиды, оның 17-сі тікелей атмосфералық ауаның жай-күйін жақсартуға бағытталған. Олардың қатарында атмосфералық ауаны, су объектілерін қорғау, жағалау және су экожүйелерін қорғау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау, қалдықтармен жұмыс істеу, радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экологиялық менеджмент пен үздік қолжетімді технологияларды енгізу, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бар.
Жоспардың басты ерекшелігі – ол ластанудың барлық негізгі көздеріне, оның ішінде энергетикаға, жеке секторға, автокөлікке және өнеркәсіптік кәсіпорындарға бір мезгілде әсер етуді көздейді.
Алматы қаласының атмосфералық ауасын қорғау қағидаларын іске асыру есебінен 2028 жылдың соңына қарай ауаның ластану деңгейін кемінде 20%-ға төмендету, сондай-ақ барлық жоспарланған іс-шараларды кезең-кезеңімен орындауды қамтамасыз ету жоспарлануда. Жоспардың басты ерекшелігі – ластанудың қандай да бір бір көзіне емес, бірден барлық негізгі салаларға: энергетикаға, жеке секторға, автокөлікке және өнеркәсіптік кәсіпорындарға әсер ету, – деп атап өтті спикер Алматы мәслихатының кезектен тыс XLVII сессиясында.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың соңында Алматыда атмосфералық ауаны қорғаудың жаңа қағидалары қабылданды.
Дереккөз: Inform.kz