Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қазақстандықтарды 6 шілдеде елімізде атап өтілетін Астана күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі. Бұл туралы мегаполис басшысы өзінің Instagram парақшасында жазды.
Айта кетейік, дәл осы күні 1994 жылы елдің Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның жаңа тарихындағы негізгі стратегиялық шешімдердің біріне айналған қаулы қабылдады. 1992 жылдың шілдесіне дейін Целиноград деп аталған Ақмола қаласы республиканың астанасы болып ресми түрде 1997 жылдың 10 желтоқсанында жарияланды.
1998 жылдың 6 мамырында еліміздің бас қаласы Астана болып қайта аталды, ал сол жылдың 10 маусымында оның халықаралық ресми тұсаукесері өтті. Бір жылдан кейін, 1999 жылы ЮНЕСКО Астанаға дамудың таңғаларлық қарқыны, этносаралық келісімді нығайту және халықаралық диалогқа қосқан үлесі үшін «Бейбітшілік қаласы» құрметті атағын берді. Бүгінде алты ауданға — Алматы, Сарыарқа, Есіл, Сарайшық, Байқоңыр және Нұраға бөлінген астана жаңа Қазақстанның символына және бірегей жалпыұлттық жобаға айналды.
Астана күні 1998 жылдан бастап атап өтіледі.
Бұл мереке халық үшін маңызды тарихи-мәдени мәнге ие және егемен Қазақстанның жетістіктерінің символы болып табылады. Бұл күні әртүрлі мәдени-бұқаралық іс-шаралар, спорттық жарыстар өткізіледі, Қазақстан астанасы туралы бейнероликтер мен фильмдер түсіріледі. Астана күнін мерекелеу жыл сайын қызықты әрі тартымды бола түсуде, бұл мереке халықтық сипатқа ие болды, ол Қазақстан халқының мәдени мұрасын одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Дереккөз: Almaty.tv