8-10 шілде аралығында Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы құбылмалы болады. Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жауса, Шымкентте термометр +40°С-қа дейін көтеріледі, ал Астанада жауын-шашынсыз ыстық күндер күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, 41 градустық ыстық Қазақстанға қайта оралады. Толығырақ 7, 8 және 9 шілдедегі ауа райы туралы сілтеме бойынша біле аласыз.
Алматы:
- 8 шілде: ауа райы құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, күндіз екпінді жел. Жел солтүстік-шығыстан, түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +30+32°С.
- 9 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз қатты ыстық +33+35°С.
- 10 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз қатты ыстық +35+37°С.
Астана:
- 8 шілде: құбылмалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел батыстан шығысқа ауысады, 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +31+33°С.
- 9 шілде: құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +32+34°С.
- 10 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз қатты ыстық +33+35°С.
Шымкент:
- 8 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +36+38°С.
- 9 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз +37+39°С.
- 10 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз қатты ыстық +38+40°С.
Дереккөз: Zakon.kz