...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда кәсіпкерлерді экологиялық жылытуға көшіру жалғасуда

Бостандық ауданында кәсіпкерлермен кезекті кездесу өтіп, онда Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының жаңа талаптары түсіндірілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Eco Almaty» ЖШС мамандары шағын және орта бизнес өкілдеріне газдандырылған аудандарда қатты отынды пайдаланудан кезең-кезеңімен бас тарту, шығарындыларды тазарту жүйелерін орнату қажеттілігі және шығарындылар деңгейі төмен аймақ (LEZ) пилоттық жобасын іске асыру туралы айтты.

Экологтардың мәліметінше, Бостандық ауданында тексерілген нысандардың үштен бірі әлі де қатты отынды пайдаланады. Олардың ішінде 52 қоғамдық тамақтану мекемесі, 8 монша кешені және бір техникалық қызмет көрсету станциясы бар.

Барлығы мамандар шағын және орта бизнестің 202 нысанын тексерді, оның ішінде 62 СТО, 103 кафе мен мейрамхана, сондай-ақ 37 монша кешені бар. Олардан ластаушы заттардың жалпы шығарындысы 617 тоннадан асады. Бұл деректер кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланылады.

Дереккөз: Inalmaty.kz