Алматыда Сейфуллин көшесінде BYD автомобилі мен Honda мотоциклі соқтығысып, екі мотоциклші жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Zakon.kz арнайы тілшісінің мәліметінше, BYD автомобилі Сейфуллин бойымен солтүстік бағытта жүріп келе жатқан. Қиылыста Никитин көшесіне бұрылған кезде, Сейфуллинмен оңтүстік бағытта (қарсы бағытта) Honda мотоциклі келе жатқан. Мотоциклде екі адам болған. Соқтығысуды болдырмау мүмкін болмады.
Мотоциклдің қашатын жері болмай, толық жылдамдықпен автомобильге соғылған. BYD жүргізушісі бірден тоқтай алмай, одан әрі жүріп, бордюрге соғылып, жолдан тротуарға шығып кете жаздап, жарнама билбордына соқтығысқан.
Оқиға салдарынан екі мотоциклші де зардап шекті. Соқтығысу кезінде олар мотоцикл ершігінен ұшып кеткен. Екі доңғалақты көлік құралының жүргізушісі ауыр халде, оны жолаушысымен бірге апат орнынан ауруханаға жеткізген. Автомобиль жүргізушісі зардап шеккен жоқ.
Дереккөз: Zakon.kz