...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда монша кешендеріне жаңа экостандарттар түсіндірілді

Алматыда монша кешендерінің иелерімен кездесу өтті, онда атмосфералық ауаны қорғау және үшінші санаттағы нысандарға жаңа экологиялық талаптарды енгізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Кездесудің негізгі тақырыбы шығарындыларды азайту бойынша практикалық шаралар және бизнесті жаңа экологиялық стандарттарға дайындау болды. Ерекше назар монша кешендерін қоса алғанда, тұрмыстық қызмет көрсететін шағын және орта бизнес кәсіпорындарына аударылды.

Талқылау барысында таза отын түрлерін пайдалану, шығарындыларды тазарту жүйелерін орнату, сондай-ақ экологиялық нормативтерді сақтау мәселелері қарастырылды. Кәсіпкерлер бейімделу кезеңінің мерзімдеріне, жаңғыртудың техникалық мүмкіндіктеріне және қолдау нұсқаларына қызығушылық танытты.

Eco Almaty мамандары жаңа талаптарды енгізу жұмысы кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқанын атап өтті. Осы аяда кәсіпкерлер кеңес алып, сүйемелдеу алады. Олар мұндай нысандар жұмысының ерекшелігін түсінетіндерін жеткізді. Бастаманың мақсаты қызметті шектеу емес, ауа сапасын жақсарту және қауіпсіз қалалық орта құру екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың соңында Алматы қаласында атмосфералық ауаны қорғаудың жаңа Қағидалары қабылданды. Үшінші санаттағы нысандарға арналған жаңа экологиялық стандарттар ауаның ластануын азайтуға, экологиялық технологияларды дамытуға және Алматыда шығарындылар нормативтерінің сақталуын бақылауға бағытталған. Олар 2027 жылдың басынан бастап заңды күшіне енеді.

Дереккөз: Inform.kz