Алматыда 8–13 маусым аралығындағы жоспарлы электр жарығын өшіру кестесі жарияланды. «Алатау Жарық Компаниясы» электр желілерінде жоспарлы және жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жұмыстар әуе және кабельдік желілерде, сондай-ақ трансформаторлық қосалқы станцияларда жүргізіледі. Электрмен жабдықтау негізінен күндізгі уақытта — 08:00-ден 17:00-ге дейін немесе 09:00-ден 17:00-ге дейін уақытша шектеледі.
Өшірулер Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Алатау аудандарын қамтиды, оның ішінде жеке сектор, көппәтерлі үйлер, әлеуметтік нысандар және жекелеген кәсіпорындар бар.
Компанияда кестенің жоспардан тыс жұмыстар мен техникалық қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін екенін атап өтті. Толық өшіру кестесімен мына жерден танысуға болады.
Бұған дейін «Энергосбыт» қарыздарлардың электр жарығы өшірілуі мүмкін екенін ескерткен болатын. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Алматы және Алматы облысы тұрғындарының тұтынылған электр энергиясы үшін жалпы қарызы шамамен 34 млрд теңгені құрайды.
Дереккөз: Inform.kz
