...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Mercedes-Benz G-Class өртеніп жатқан сәт видеоға түсті

Алматыда қымбат автокөліктің өртеніп жатқан сәті видеоға түсіп қалды. Кадрларда Mercedes-Benz G-Class (Gelandewagen) толық жалынға оранғаны көрінеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 18:02-де жіберілген. Жедел әрекеттің арқасында өрт сағат 18:10-да локализацияланған.

Бұған дейін Маңғыстау облысында автокөлік өртенгені хабарланған болатын.

Дереккөз: Zakon.kz