...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда LRT құрылысы: Момышұлы көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Б.Момышұлы көшесінің белгілі бір тұсында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 16 қыркүйек сағат 08:00-ден 20 қыркүйек сағат 20:00-ге дейін Зерделі шағын ауданынан Д.А.Қонаев мешітіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.

Осы кезеңде солтүстік бағыттағы бір жолақ жабылады. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан тұста ескерту белгілері қойылады.

«16 қыркүйек сағат 08:00-ден 20 қыркүйек сағат 20:00-ге дейін Зерделі шағын ауданынан Д.А.Қонаев мешітіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі. Көрсетілген кезеңде солтүстік бағыттағы бір жолақ жабылады», — делінген әкімдік хабарламасында.

Алматы тұрғындары мен қала қонақтарынан өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.