Алматы метросының «Байқоңыр» станциясында жолаушының сөмкесінен оқ-дәрі табылып, жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы полиция департаменті метро станцияларының бірінде жүргізілген кезекті тексеру қорытындысы туралы мәлімдеді. Сөмкені рентген арқылы тексеру кезінде күдікті зат анықталған.
Ведомствоның Instagram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, тексеру барысында 5,45 миллиметрлік калибрлі екі оқ табылып, алынды. Жас жігіт ұсталып, аумақтық полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
«Тексеру кезінде 5,45 миллиметрлік калибрлі екі оқ табылып, алынды. Жас жігіт ұсталып, аумақтық полиция қызметкерлеріне тапсырылды», — деп атап өтті департаментте.
Құқық қорғау органдарының деректері бойынша, қазір жолаушының оқ-дәріні қайдан алғаны және оны қандай мақсатта тасымалдағаны анықталып жатыр.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
