...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда интимдік қызмет көрсеткен 430 пәтер анықталды

2026 жылдың басынан бері Алматыда полицейлер интимдік қызмет көрсетілген 430 пәтерді анықтады. Үй-жай иелеріне айыппұл салынып, жезөкшелікпен айналысқан 750-ге жуық адам профилактикалық есепке қойылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Полиция мәліметінше, мекенжайлар интернет-ресурстардағы хабарландыруларды мониторингілеу, сондай-ақ мұндай көршілікке шағымданған тұрғындардың өтініштері арқылы анықталады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Тексеру қорытындысы бойынша пәтер иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 100 айлық есептік көрсеткіш (432 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, интимдік қызмет көрсеткен 750-ге жуық адам профилактикалық есепке қойылды.

«Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде. Жыл басынан бері осындай 430 үй-жай анықталды, олардың иелері 450-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды», — деді Алматы қалалық Полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ногайбаев.

Полиция мұндай фактілерді анықтау бойынша профилактикалық іс-шаралар жалғасатынын атап өтті.

Дереккөз: Inalmaty.kz