Алматыда полиция кәмелетке толмаған қызға қатысты бір топ жасөспірімнің заңсыз әрекеттері бойынша қылмыстық іс тергеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында анықталған, онда тиісті бейнежазба пайда болған. Кейін бейнежазба авторлар тарапынан жойылған.
Осы факті бойынша Наурызбай ауданы полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушылары анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Полицияда тергеу барысы басшылықтың бақылауында екенін атап өтті.
Almaty.news агенттігі Алматы қалалық білім басқармасына сұрау салды. Жарияланым кезінде ведомствоның пікірі түскен жоқ. Ол алынғаннан кейін материал толықтырылады.
Бұған дейін Қаскелеңде жасөспірімдер ер адамды ұрып-соққан еді. Полиция оқиғаға қатысушыларды ұстағанын хабарлады.
Дереккөз: Inform.kz