Алматыда кәмелетке толмаған мектеп оқушысына қатысты зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталуға жақын. Жасөспірімдер тобы құрбысын ұрып, қорлап, болған оқиғаны бейнеге түсіріп, кейін оны әлеуметтік желіге жүктеген, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, бейнежазбаны оқиғаға қатысушы 14 жастағы қыз жариялаған. Кейін ролик жойылғанымен, құқық қорғау органдары оны зерттеп, барлық қатысушылардың жеке басын анықтаған.
«Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында кәмелетке толмағанға қатысты жасөспірімдер тобының құқыққа қайшы әрекеттері түсірілген жарияланым анықталды. Осы факті бойынша Наурызбай ауданы полиция басқармасы қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды», — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияда «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті. Тергеу әрекеттері іс жүзінде аяқталған, жақын арада қылмыстық іс материалдары сотқа жіберіледі.
Алматы қалалық білім басқармасы оқиға 2026 жылдың наурыз айында қаладағы мектептердің бірінде болғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккен балаға қажетті медициналық, психологиялық және педагогикалық көмек көрсетілуде. Ол оқу орны әкімшілігінің, педагог-психологтардың және отбасының тұрақты қолдауымен жүр.
Дереккөз: Inalmaty.kz