Алматы тауларында құтқарушылар Фурманов шыңына сапар кезінде байланысқа шықпай қалған екі туристі тапты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап.
Түнде 112 қызметінің пультіне әйел адам хабарласқан. Ол қызы жігітімен бірге Қимасар шатқалы арқылы Фурманов шыңына аттанғанын айтқан. Соңғы рет туристер күндіз байланысқа шыққан, одан кейін байланыс пен геолокация жоғалған.
Іздеуге Қазақстан ТЖМ «Барыс» Республикалық құтқару қызметінің жедел тобы дереу шыққан. «Әткеншек» шатқалына жетіп, құтқарушылар шыңға қарай көтерілуді жалғастырған.
Іздеу-құтқару операциясы кезінде туристер Фурманов шыңының астынан табылған. Жас жігіт пен қыз шатырда болған. Олар заттарын жинаған соң, құтқарушылар оларды Қимасар шатқалымен төмен түсіріп жүріп отырған.
Жігіт пен қызды қалаға аман-есен жеткізген. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.
Дереккөз: Inalmaty.kz