3-5 шілде аралығында Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы құбылмалы болады: Астанада найзағайлы жаңбыр мен бұршақ күтілсе, Алматыда қысқа мерзімді жаңбыр, ал Шымкентте +35°С-қа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астанада 3-4 шілдеде ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +24+26°С, жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. 5 шілдеде күндіз +28+30°С-қа дейін жылиды.
Алматыда 3 шілдеде түнде қатты жаңбыр, күндіз +23+25°С. 4 шілдеде +25+27°С, 5 шілдеде +27+29°С. Жел батыстан 3-8 м/с, екпіні 13-20 м/с.
Шымкентте 3-4 шілдеде қысқа мерзімді жаңбыр, күндіз +30+32°С. 5 шілдеде жауын-шашынсыз, күндіз +33+35°С. Жел бағыты өзгермелі.
Дереккөз: Zakon.kz