Алматы облысы Қарасай ауданында бүгін, 2 шілде 2026 жылы, жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Аудан әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, бүгін сағат 06:50 шамасында Жанатұрмыс ауылындағы «Кәръер Ақсай» ЖШС аумағында Ақсай өзенінің арнасының негізі шайылып, кәръердің солтүстік-батыс жағынан топырақ опырылды.
Қазіргі уақытта арнаулы қызметтер халықты уақытша көшіру (9 жеке тұрғын үй) және қажетті көмек көрсету бойынша іс-шаралар жүргізуде. ТЖД және ІІМ қызметкерлері ауданды аралап, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Жедел жағдай бақылауда және тұрақты күйде қалып отыр. Инженерлік жұмыстар мен зардаптарды жою үшін облыс әкімдігі Алматы облысының ТЖД және Алматы қаласымен бірлесіп 77 адамнан және 14 техникадан тұратын жедел штаб құрды.
«Тұрғындарды сабыр сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», — делінген Қарасай ауданы әкімдігінің үндеуінде.
Дереккөз: Nur.kz