Алматыда Expo-орталығы салынады, ол іскерлік туризмнің тартымды орнына айналады деп күтілуде. Бұл туралы Алматы қалалық Туризм басқармасының басшысы Галия Төксеитова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Біз өзімізді іскер туристер арасында сұранысқа ие қала ретінде көрсетеміз. Әдетте, іскер туристер көбінесе көрме іс-шараларына келеді. Қазіргі уақытта біздің көрме қорымыз өте шектеулі болғандықтан, біз Expo көрме орталығы деген жаңа жобаны құру үстіндеміз», — деді Галия Төксеитова РСК-дағы брифингте.
Жаңа тартымдылық орталығы MICE-туризмнің драйверіне айналады және Алматы қаласының әлеуетін арттырады. Бірінші жылы Expo-орталығы жобасын іске асырудан қаланың туристік ағыны 50 мың адамға артады деп күтеміз, ал бесінші жылы 200 мыңнан астам адам дәл осы көрме орталығына келетін болады. Айта кету керек, MICE-туристің шығыны әдетте саяхатшыға қарағанда жоғары, себебі MICE-турист мұнда жұмыс мақсатымен және қаламен танысу мақсатымен келеді, — деп толықтырды Галия Төксеитова.
Оның айтуынша, мультипликативтік әсерді ескере отырып, жиынтық туристік түсімдер жылына 75 млн деңгейінде күтілуде. Expo-орталығы «Шығыс қақпасы» полиорталығында орналасады.
Сондай-ақ, спикердің сөзінше, Алматыда 81 қонақүйдің құрылысы жүріп жатыр, олар 944,7 млрд теңгеден астам қаражат тартуға мүмкіндік береді. Оның сегізі бес жұлдызды, тоғыз қонақүй төрт жұлдызды болады.
Дереккөз: Inalmaty.kz