...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Амазонкадан келген алып балық Алматы хайуанаттар бағында көрсетілді

Алматы хайуанаттар бағында 30 маусым 2026 жылы Амазонкадан әкелінген алып арапайма балығын көрсетті. Табиғатта бұл балықтың ұзындығы 3 метрге, салмағы 200 келіге дейін жетеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Арапайма – тропикалық тұщы су балығы, араван тұқымдасына жатады. Архаикалық құрылысына байланысты тірі қазба деп аталады. Оңтүстік Америкадағы Амазонка өзенінің алабында Бразилия, Гайана және Перу аумақтарында мекендейді.

Қоректену кезінде бұл балық жылдам үлкен аузын ашып, жемтігін су ағынымен бірге сорып алады.

Сәуір айында Алматы хайуанаттар бағында «тірі қазбалардың» таңғажайып жұбы көрсетілсе, маусымда канадалық сілеусіндердің жұбымен толықты.

Дереккөз: Zakon.kz