Алматы мен Алматы облысы бойынша «Қазгидромет» филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кисебаевтың айтуынша, жауын-шашын Қазақстан аумағынан өтетін қуатты солтүстік циклонға байланысты болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Маманның сөзінше, ауа температурасы түнде +8+10°С-қа, күндіз +12+14°С-қа дейін төмендейді. Келесі күндері жауын-шашын тек қаланың таулы аудандарында сақталады, алайда ауа райы салқын күйінде қалады.
Алматы бойынша 2026 жылғы 3-9 қазан аралығындағы ауа райы болжамы:
3 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +22+24°С.
4 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +25+27°С.
5 қазан: айнымалы бұлтты, жаңбыр, түнде кейде қатты жаңбыр. Жел солтүстік-батыстан 3-8, кейде екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +12+14°С.
6 қазан: айнымалы бұлтты, түннің бірінші жартысында жаңбыр. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен 3-8, түнде екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +13+15°С.
7 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +14+16°С.
8 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +16+18°С.
9 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +18+20°С.
Бұған дейін «Қазгидрометте» Қазақстан тұрғындарын қуатты солтүстік циклон елдің үлкен аумағына әсер етіп, қар, көктайғақ, бұрқасын және күрт суық әкелетіні туралы ескерткен болатын.
