Алматыда электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты жарық өшіріледі. Жұмыстар 14-18 қыркүйек аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Алатау жарық компаниясының» мәліметінше, жұмыстар негізінен 08:00–09:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі. Жөндеу қаланың бірнеше ауданын қамтиды.
14 қыркүйекте Көк-Қайнар, Самғау, Байбесік, Алғабас, Ақжар шағын аудандарының кейбір мекенжайлары, сондай-ақ Қазыбек би, Сейфуллин, Әйтеке би, Амангелді, Абай, Төле би, Достық, Науаи және басқа да көшелер жарықсыз қалады.
15 қыркүйекте жоспарлы жұмыстар Құрманғазы, Абылай хан, Шевченко, Желтоқсан, Абай, Жамбыл, Мәуленов, Қабанбай батыр, Сейфуллин, Әйтеке би және өзге де көшелердің жекелеген учаскелерінде өтеді.
16 қыркүйекте өшірулер Түркістан, Айгерим-1, Шаңырақ-1, Ақжар, Қарағайлы, Томирис шағын аудандарына, сондай-ақ Шевченко, Мұқанов, Жамбыл, Байзақов, Төле би және Қазыбек би көшелеріне қатысты болады.
17 қыркүйекте жұмыстар Көк-Қайнар, Шаңырақ-1, Тастыбұлақ, Ақжар, Қарағайлы, Думан шағын аудандарында, сондай-ақ Сүйінбай, Уссурийск, Абай, Сәтбаев, Мыңбаев және басқа да көшелерде жоспарланған.
18 қыркүйекте уақытша өшірулер Айгерим-1, Қалқаман-2, Қарағайлы, Құрамыс, Көлсай шағын аудандарын, сондай-ақ Достық, Абай, Сүйінбай даңғылдарының жекелеген учаскелері мен Науаи, Уәлиханов, Қонаев, Қабанбай батыр көшелерін қамтиды.
Өшірулердің кестесі мен мекенжайларын сілтеме арқылы көруге болады.
Бұған дейін 14 қыркүйектен бастап Алматы мен Алматы облысында 38 тұрғын үй кешені қарыз үшін электр жарығынан ажыратылуы мүмкін екені хабарланған.
