Алматы мен Шымкентте 15-17 қыркүйек аралығында ауа райы ыстық болып, ал Астанада күндізгі температура +25°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астанада 15 қыркүйекте ауа райы ала бұлтты болады. Жел екпіні секундына 20 метрге жетуі мүмкін. Түнде ауа температурасы +8…+10°С, күндіз +18…+20°С болады.
16 қыркүйекте де ала бұлтты ауа райы сақталады. Жел секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +6…+8°С, күндіз +20…+22°С.
17 қыркүйекте ала бұлтты, әлсіз жел соғуы ықтимал. Түнде +6…+8°С, күндіз +23…+25°С жылы болады.
Алматыда 15 қыркүйекте ала бұлтты. Түнде +16…+18°С, күндіз +28…+30°С.
16 қыркүйекте ала бұлтты, жел секундына 3-8 метр. Түнде +14…+16°С, күндіз +27…+29°С.
17 қыркүйекте ала бұлтты. Түнде +12…+14°С, күндіз +25…+27°С.
Шымкентте 15 қыркүйекте ала бұлтты, жел екпіні секундына 13 метрге дейін көтеріледі. Түнде +15…+17°С, күндіз +30…+32°С.
16 қыркүйекте ала бұлтты, жел секундына 9-14 метр. Түнде +16…+18°С, күндіз +30…+32°С.
17 қыркүйекте ала бұлтты. Түнде +15…+17°С, күндіз +29…+31°С.
