Алматы тауларында аяғын жарақаттап, әрі қарай өз бетімен түсе алмаған 16 жастағы қызға құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға Шүкір сарқырамасының маңында болды. Жасөспірім қыз аяғынан жарақат алып, төмен қарай жалғастыра алмаған.
Құтқарушылар қызды таудан қауіпсіз жерге эвакуациялады.
