...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда АЗС аумағында дрифт жасаған 23 жастағы жүргізуші қамауға алынды

Алматыда автожанармай құю станциясының аумағында қауіпті маневрлер жасаған 23 жастағы BMW жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған жеті тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіт АЗС аумағында тікелей дрифт жасап, күрт маневрлер жасау арқылы айналадағы адамдар мен көліктерге қауіп төндірген. Полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, оны ұстады.

Бұзушыға қатысты маневр жасау, жол жабынын зақымдау және апаттық жағдай туғызу бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

Іс материалдары сотқа жіберілді. Сот шешімімен 23 жастағы жүргізуші жеті тәулік әкімшілік қамауға алынды.

Бұған дейін Алматы полициясы қала көшелерінің бірінде дрифт жасап, тұрғындардың тыныштығын бұзған BMW жүргізушісін де ұстаған болатын.

Сондай-ақ сауда үйлерінің бірінің тұрағында қауіпті дрифт жасаған жүргізушіге айыппұл салынды.