...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматылық брендтер «Қазақстанның үздік тауары» байқауында өз өнімдерін таныстырды

Алматылық 60-тан астам өндіруші «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінің аймақтық кезеңінде өз өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Ұлттық ғылым академиясының алдындағы алаң бір күнге отандық бизнестің үлкен витринасына айналды. Мұнда азық-түлік, өнеркәсіп өнімдері, инновациялық әзірлемелер және жергілікті брендтердің тауарлары ұсынылды. Келушілер жаңа өнімдермен танысып, дегустация жасап, өндірушілермен тікелей сөйлесе алды. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы үш номинация бойынша үздіктерді анықтады. Енді дәл осылар Алматыны республикалық кезеңде таныстырып, Қазақстанның үздік өндірушілері атану үшін бақ сынайды.

«Бізде Алматы қаласының аумағында өз өнімін шығаратын 60-қа жуық компания ұсынылған. Бұл байқауға кез келген кәсіпкер қатыса алады, бірақ біз сапаға, локализацияға, шығарылатын өнімнің технологиясына, жұмыс орындарының санына, брендтің елде танымалдығына басты назар аударамыз», — деп атап өтті қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Шыңғысхан Маманов.

Дереккөз: Almaty.tv