Алматыда жекелеген автобус бағыттарында уақытша кешігулер болуы мүмкін, деп хабарлады жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы. Себеп — автомобиль газ толтыру компрессорлық станцияларының (АГТКС) шектеулі жұмысы. Қазір 8 станцияның тек 5-і штаттық режимде жұмыс істеп тұр, соның салдарынан жұмыс істеп тұрған құю кешендерінде автобустардың кезегі пайда болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қызмет көрсетуші ұйымдардың мәліметінше, нысандарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. АГТКС-ның бірін 29 шілдеде іске қосу жоспарланса, барлық станциялардың жұмысын толық қалпына келтіру 31 шілдеге дейін аяқталады.
Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде кестедегі ықтимал өзгерістерді ескеру сұралады. Сондай-ақ қала тұрғындарына уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұралды.
Дереккөз: Inalmaty.kz
