31 шілдеден бастап түрік әуекомпаниясы SunExpress Алматы мен Измир арасында аптасына екі рет тұрақты тікелей рейстерді орындай бастайды, бұл Қазақстанның Түркиямен әуеқатынасын кеңейтеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
ҚР Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.
31 шілдеден бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Түркиядан жаңа шетелдік тасымалдаушы — SunExpress кіреді. Әуекомпания Алматы — Измир бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастайды. Рейстер аптасына 2 рет (сейсенбі, жұма) Boeing 737 типті әуе кемелерімен орындалады, — деп хабарлады министрлікте.
ҚР Көлік министрлігінде атап өткендей, Қазақстан мен Түркия арасындағы әуеқатынастың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Бұған дейін Алматы мен Астанадан Гуанчжоуға қосымша рейстер іске қосылатыны хабарланған болатын.
Дереккөз: Inform.kz
