Алматыда электросамокаттар мен мопедтерге арналған тұрақ орындарын орналастырудың бірыңғай талаптары бекітілді. Құжатты 2026 жылғы 30 шілдеде мәслихат отырысында жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диханбаев таныстырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жоба электросамокаттар, мопедтер және басқа да жеке ұтқырлық құралдарына арналған тұрақтарды орналастыруға бірыңғай талаптарды көздейді. Енді жалға беру операторлары үшін тұрақтар шарттық негізде ұйымдастырылады, бұл қалада көлік құралдарын орналастыруды ретке келтіруге мүмкіндік береді.
Тұрғындар өздерінің жеке самокаттары мен басқа да жеке ұтқырлық құралдары үшін бұл тұрақ аймақтарын тегін пайдалана алады. Сонымен қатар, құжат көлік құралдарын эвакуациялау мен сақтаудың бірыңғай ережелерін, сондай-ақ аулаларда шлагбаумдар мен қорғаныс қоршауларын орнату тәртібін белгілейді. Міндетті шарт – жедел жәрдем, өрт сөндіру және басқа да шұғыл қызметтердің көліктерінің кедергісіз өтуі.
Дереккөз: Zakon.kz
