Алматы полициясы автобуста болған төбелес фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға қоғамдық көлікте болған. Тәртіп сақшылары жедел іс-шаралар барысында үш күдіктіні анықтап, ұстады.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.
