...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда автобус ішінде төбелескен үш ер адамның кім екені анықталды

Алматыда автобус салонында төбелескен үш ер адамның жеке басы анықталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жанжалдың видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда үш ер адамның автобус салонында бірін-бірі теуіп, ұрып жатқаны көрінеді. Оқиғаға қалалық полиция департаменті дереу жауап берді. Аталған факті бойынша Түрксіб ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

— Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Төбелеске қатысушылардың әрекеттеріне қатаң құқықтық баға беріледі, — деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінде.

Полиция мұндай агрессивті және қоғамға қауіпті мінез-құлыққа жол берілмейтінін, кінәлілер ҚР заңнамасына сәйкес жазаға тартылатынын атап өтті.

Еске салайық, Түрксіб ауданындағы тұрғын үй кешенінің ауласында түнде жанжал болып, соның салдарынан бес ер адам жауапкершілікке тартылған еді.