...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Audi жүргізушісі 5 жаяу жүргіншіні қағып, тағы екі көлікпен соқтығысты

Алматыда үш көліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне бүгін таңғы сағат 08:20-да болған жол апаты туралы мәлімдеді.

Audi маркалы көліктің жүргізушісі Зенков көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, жолдың жүру бөлігінде тұрған 5 жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Содан кейін оңтүстікке қарай жүріп, жол жиегінде тұрған Toyota көлігін соққан, оның жүргізушісі салоннан тыс жерде болған. Инерция бойынша Toyota жанында тұрған Subaru көлігіне соғылған, оның жүргізушісі де көліктен тыс жерде болған. Бес адам зардап шекті, барлығына медициналық көмек көрсетілді, — деді ДП өкілдері.

Дереккөз: Nur.kz