6 шілдеде, Астана күнінде республиканың медициналық ұйымдарында 448 бала дүниеге келді. Оның 223-і ұл, 225-і қыз. Мерекелік күні елімізде екі егіз де тіркелді, екеуі де Астанада, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысында ең көп нәресте тіркелді – 67 бала. Алматыда 44 сәби дүниеге келсе, Шымкент пен Алматы облысында 40-тан жаңа туған нәресте тіркелді, деп хабарлады ДСМ.
Медициналық ұйымдардың қызметкерлері тәулік бойы жүктілікті, босануды қауіпсіз жүргізуді және нәрестелерге қажетті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Дереккөз: Almaty.tv