...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда әр пәтерге бір тегін орын: ақылы тұрақ жүйесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін

Алматыда ақылы тұрақ жүйесіне өзгерістер енгізу жоспарлануда. Тұрғындар үшін «резиденттік абонементтер» енгізіліп, әр пәтерге бір тегін тұрақ орны берілуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қаланың кейбір аудандарында резиденттік абонементтер енгізу жоспарланған. Қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диқанбаев РСК-да өткен баспасөз мәслихатында бұл туралы мәлімдеді.

Мысалы, егер адам сол аудандағы пәтердің иесі болса және көлік иесі болса, оған бір орын тегін беріледі. Егер бұл пәтер жалдаушы болса, онда ол бір жерде тіркелуі керек. Мысалы, ол сол жерде тұратынын дәлелдеуі тиіс. Әділет органдары арқылы біз бұл механизмді міндетті түрде пысықтаймыз. Осы жоспар бойынша, бір пәтерге бір тегін орын беріледі, — деді Ержан Диқанбаев.

Дереккөз: Nur.kz