
Америкалық әнші Кери Хилсон мен британдық Джон Ньюман Астана мен Алматыдағы концерттерден кейін әлеуметтік желілерде Қазақстаннан түсірілген суреттерін жариялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Өткен демалыс күндері Астана мен Алматыда концерттер өтті, онда Николь Шерзингер, Кери Хилсон, Джон Ньюман, Timbaland, Баста Раймс, Flo Rida және Tyga өнер көрсетті. Осыдан кейін әртістер Қазақстан туралы суреттер мен пікірлер қалдыра бастады.
Рэпер Баста Раймс концерттерден кейін қазақстандықтарға «респект» білдірді. Ал Кери Хилсон: «Әдемі Қазақстаннан сәлем! Қайта оралғаныма қуаныштымын!» деп жазды.
«Әдемі Қазақстаннан сәлем! Қайта оралғаныма қуаныштымын!» — деп жазды Кери Хилсон.
Британдық Джон Ньюман Астана мен Алматыдан үлкен фото жинағын жариялап: «Қазақстандағы керемет екі күн. Сүйіспеншіліктеріңіз үшін барлығыңызға рахмет!» деп жазды.
«Қазақстандағы керемет екі күн. Сүйіспеншіліктеріңіз үшін барлығыңызға рахмет!» — деп жазды Джон Ньюман.
Бұған дейін қазақстандық қыз Николь Шерзингер мен Кери Хилсонның суретін салып, Алматыда оларға сыйлықтар табыс еткені хабарланған. Тағы бір қазақстандық қыз Шерзингерге білезік сыйлаған, бірақ әнші оның көзілдірігін де алып кеткен.
Дереккөз: Nur.kz