...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда ақылы тұрақ аймағы кеңейеді: көшелер тізімі жарияланды

Алматы әкімдігі ақылы коммуналдық тұрақтар орналасатын орындарды бекітті. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы әкімдігі қала аумағында ақылы коммуналдық тұрақтар орналасатын орындарды айқындау туралы қаулы қабылдады. Құжат «Жол жүрісі туралы» заңның 42-1-бабының 1-тармағына сәйкес бекітілген. Ақылы тұрақтар ұйымдастырылатын учаскелердің тізбесі қаулыға қосымшада келтірілген.

Алматы қаласының жол жүрісін және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасына құжатты Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберу тапсырылды. Сондай-ақ ведомство қаулыда көзделген өзге де іс-шараларды орындауы тиіс.

Құжаттың орындалуын бақылау Алматы әкімінің бірінші орынбасарына жүктелді. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Ақылы коммуналдық тұрақтар орналасатын орындар айқындалған көшелердің толық тізімімен сілтеме бойынша танысуға болады.

Дереккөз: Nur.kz